Тұрғын үй кезегінде 2000-нан астам адам бар

Апатты үйлерді көшіру мақсатында 6 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Атырау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Шәкір Кейкінұлы айтты.

Ал өңірде тұрғын үй кезегінде 2064 адам бар. Мемлекеттік тұрғын үй 5 санат бойынша беріледі. Атап айтсақ, Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушылары – кезекте ешкім жоқ, жетiм балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар – 1059, халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтары – 6910, мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар – 11935, жалғыз тұрғын үйi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар – 160.

Бүгінгі күні 22 апатты (327 пәтер), 27 тозығы жеткен (240 пәтер) тұрғын үйлер және 12 (1141 пәтер), санитарлық нормаларға жатпайтын жатақхана бар.

Хорлан Смадияр

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Top