Тәуелсіздік күні Атырауда: не, қайда, қашан?

Тәуелсіздік күні Атырауда: не, қайда, қашан?

Атырауда 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында көптеген іс-шаралар легі жоспарланған.

 

12 желтоқсан

10:00 «Өркениет өрендері. ХХІ ғасыр арманшылдары» атты жұлдызды сағат №7 кітапханада болады.

11:00 «Ұлт рухы асқақтаған күн» тақырыптық кеш, М.Отаралиев атындағы орта мектеп

15:00 «Тәуелсіздік – ұлт рухының бастауы» әдеби-сазды бағдарламасы, Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебі

 

12-13 желтоқсан

10:00 Тәуелсіздік күніне арналған асық атудан қалалық ашық біріншілік, Мамандандырылған бокс клубы

 

13 желтоқсан

11:00 «Тәуелсіздік – теңдігімнің айнасы» атты әдеби-сазды кеш, С.Датов атындағы №26 мектеп

16:00 «Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел» тақырыбында салтанатты жиын, Амангелді ауылы

 

14 желтоқсан

10:00 «Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы» тарихи сағаты, №1 орталық кітапхана

10:30 «Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың» кеш, Кеңөзек ауылдық кітапханасы

11:00 «Тәуелсіздік – теңдігімнің айнасы» әдеби-сазды кеш, Ақсай ауылдық клубы

11:00 «Тәуелсіздік белестері» мерекелік кеш, Құрманғазы ауылдық мәдениет үйі

11:00 «Тәуелсіз Қазақстан жаңа ғасырда» атты мерекелік шара, Атырау ауылдық клубы

11:00          Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған қайырымдылық концерттік бағдарламасы, Қарттар үйі

«Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік!» мәдени шара. Өтетін орны: Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталық

«Тәуелсіздік – тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел» әдеби-сазды кеш, Талғайран ауылдық клубы

 

15 желтоқсан

11:00 «Тәуелсіздік – еңселі елдіктің ерен үлгісі» тақырыптық кеш, Еркінқала ауылдық кітапханасы

11:00 «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» атты мерекелік бағдарлама, Жаңаталап ауылдық мәдениет үйі

10:00 Тәуелсіздік күніне орай дзюдо күресінен 2005-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында Атырау қаласының ашық турнирі     , №3 балалар жасөспірімдер спорт мектебі (Тасқала ауылы)

«Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» мерекелік шара, Бесікті орта мектебі

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі, «Сарайшық» коммуналдық базары

 

15-16 желтоқсан

10:00 Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай кикбоксингтен 2005-2006 және 2007-2008 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы Атырау қаласының ашық біріншілігі, Мамандандырылған бокс клубы

 

16 желтоқсан

11:00 «Тұғырлы Тәуелсіздік!» мерекелік концерттік бағдарламасы, «Тамаша», «Baizaar» сауда орталықтары

11:00 «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты сазды кеш         , Кеңөзек ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты

Дайындаған: Айдос Қарабала

Leave a Comment