Теңіз вахталық поселкесіндегі «ЮлмарСервиз» ЖШС-ның жұмысшылары кешкі астан кейін өздерін жайсыз сезінген. Астан улану белгілері болғандықтан олардың бәрі Құлсарыдағы аудандық ауруханаға жеткізілді.
Медицина қызметкерлерінің айтуынша, дәрігердің қарауынан кейін 21 адам амбулаториялық ем қабылдауға жіберіліп, 4 адам ауруханаға жатқызылған.
Қазіргі уақытта бәрінің жағдайы қалыпты. Жылыой аудандық ауруханасының бас дәрігері Зылиха Құлғазиеваның сөзіне сенсек, қазіргі уақытта жұмысшылардың неден уланғаны анықталып жатқан көрінеді.