Тікелей эфирде – Құрманғазы ауданының әкімі

4-ші ақпан күні сағат 17:00 де Құрманғазы ауданының әкімі Шаяхметов Бибоз Байдаулетұлы тікелей эфир арқылы есеп береді.

Бибоз Шаяхметов Құрманғазы ауданының өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық көрсеткішін баяндап және осы жылы атқарылуы тиіс жұмыстар туралы кеңірек сөз етеді. Тікелей эфирге шығу арқылы кез-келген тұрғын әкімге өзін толғандыратын сұрақтарды қойып, ауданның дамуына байланысты ой-пікір, ұсыныстарды жолдай алады.

Айта кетейік, 2019 жылдың ақпан айынан бастап Атырау облысы әкімінің тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдардың басшылары Атырау облысы әкімдігінің Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында тікелей эфирде есеп беретін болады.

Facebook : https://www.facebook.com/AkimatAtyrau
Instagram : https://Instagram.com/akimat_atyrau

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Top