Жайықта жоғары және экстремалды ластану тіркелмеді

«Қазгидромет» орталығы биылғы 4 ақпан күні Жайық өзенінде кезекті жоспардан тыс суды сараптау жұмыстарын жүргізді.

Сөйтіп, Жайық өзені және Яик, Перетаска тармақтарында, яғни 13 тұстан су сынамалары алынған-тұғын.

Қорытындысында, аталған орталықтың мамандары суда жоғары және экстремалды ластану тіркелмегенін мәлімдеп отыр.

Айта кетейік, зертханалық талдау жасау су сапасының негізгі иондары, биогенді, органикалық заттары мен ауыр металдарын қоса есептегенде 41 көрсеткіш бойынша жүргізілген.

Айдос Қарабала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Top