Жастарға тегін психологиялық кеңес беріледі

Жастарға тегін психологиялық кеңес беріледі

Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығында тегін психологиялық қызмет көрсетілуде.

Мақсаты – жастарды психологиялық тұрғыдан қолдау. Әр жастың өмірден өзіндік жолын тауып, жақсы тұлға болып қалыптасуына жәрдемдесу, психологиялық мәселелер бойынша жүгінген азаматтарға моральдық тұрғыда көмектесу, дұрыс шешім қабылдауын ұғындыру.

Тегін кеңесті отбасылық психолог, коуч, бірнеше оқу құралдарының авторы Ғайни Сұлтанова өткізеді.

Психологиялық қызмет 14–29 жас аралығындағы азаматтарға Нұрсая ықшам ауданы, 23 үйде орналасқан Жастарға қызмет көрсету орталығында ұйымдастырылуда.

Қабылдау әр аптаның сәрсенбі және жұма күндері, сағат 10:00–12:00 аралығында жүргізіледі.

Оған жазылу үшін 8775 879-27-49 нөміріне хабарласуларыңыз сұралады.

Айдос Қарабала

Leave a Comment