Жолаушы да, кондуктор да бақылауда болады

Соңғы уақытта Атырау қаласының жолаушылар тасымалында оң өзгерістер болып жатқаны баршаға аян. Жаңа автобустар келіп, олардың ішіне соңғы үлгідегі жолақыны электронды жүйе арқылы төлеу мүмкіндігі қарастырылған еді.

Бүгіннен бастап қаладағы қоғамдық көліктерде ревизиялық бақылау қызметі (РБҚ) өз жұмысына кірісті.

РБҚ мүшелері қоғамдық көліктегі жолаушылардың билетін тексерумен қатар, жүргізушілердің көлік басқарудағы мәдениетін бақылап, кондукторлардың жолақы төлеуге арналған валидаторларды пайдалануын бақылайтын болады.

Естеріңізге салайық, мұндай қызмет бұған дейін еліміздің Алматы және Астана сияқты ірі қалаларында қолға алынған еді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Top