Бұған дейін «Нарын таңы» газетінің бас редакторы қызметін абыроймен атқарып, басылымның дамуына сүбелі үлес қосқан Аяпберген Салихов зейнет демалысына шықты.
Оның орнына ауданның тыныс-тіршілігін жақсы білетін, жас журналист Жайна Мәлімқожа тағайындалды.
Жайна Мәлімқожа бұл тағайындауға дейін облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетінде, аудандық "Нарын таңы" газетінде тілші, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Медиа орталығының басшысы, «Университет» газетінің редакторы қызметін атқарды.
Жаңа қызметінде ол аудандық басылымның сапасын және оқырмандарын арттырып, ауданның өзекті мәселелерін көтеруге, аудан жұртшылығына маңызды ақпараттарды жедел әрі шынайы жеткізу бағытында тапсырмалар берілді.