Атырау қ. Ж.Молдағалиев 29 +77122458660 atyraureklama@mail.ru Дс-Ж: 9:00-18:30

МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ

«Атырау-Ақпарат» ЖШС баспасынан мекемелер мен жеке авторлардың көптеген кітаптары (журнал, брошюра, монография, оқу-әдістемелік құралдары да бар) шығарылуда. Сондай-ақ, мемлекеттік тапсырысты орындау да – біз үшін әркез басты назарда. Аймақтық сұранысты қамтыған бұл өндіріс орны бүгінде көршілес облыстармен тығыз қарым-қатынас орнатып, нарықтағы өз мүмкіндіктерін кеңейте түсті.

Көне шежіренің көбесін сөккен көрнекті қаламгер, заманымыздың заңғар тұлғасы, Алаштың ардақтысы Әбіш Кекілбаевтың «Шандоз» (деректі тарихи баян) кітабының 2003 жылы баспамыздан 2000 таралыммен жарық көруі – біздің ірі жетістіктеріміздің бірі.
Ұлттық намыстың жалаугері болып, азаттықты аңсап өткен дауылпаз ақын Махамбет Өтемісұлының туғанына 200 жыл толуына орай өткізілген республикалық «Махамбет поэзиясы» күндеріне қатысқан ақындардың батыр бабамыздың өшпес рухына арнаған жырларын жинақтаған «Қарой антологиясы» (2003 ж.) және туған өлкеміздің төл перзенті, поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың «Өтеді уақыт, өтеді өмір демде...» деген толғанысы төңірегінде мұң тарқатқан ақынның көзкөрген замандастарының естелік кітабында да біздің баспагерлердің қолтаңбасы бар.
Бірқатар жергілікті танымал қаламгерлер мен жоғары оқу орны ұстаздарының (Қадыр Жүсіп «Ұлы тұлғалар», Төлеген Жаңабайұлы «Халқымен етене Халел хакім», т.б.) зерттеу еңбектері мен монографиялары біздің баспамызда басылды. Қара алтын өндіру (Таумұш Жұмағалиев «Тұңғиығы тұнған сыр», Бақытжан Бозданұлы «Теңіз қалай түледі?», II басылым, т.б.) және Балық өнеркәсібі (Бостан Сулейменов «О людях, экологии и биоресурсах Урало-Каспия», Болат Нығметов «Жайық-Каспий өңіріндегі балық өнеркәсібі (1941-1991жж.)», т.б.) туралы жарық көрген кітаптар да - Мұнайлы мекеннің, Жайық өзені мен Каспий теңізінің мәртебесін ұлықтаған құнды еңбектердің бірі.
2018 жылы Ақтау қаласында өткен халықаралық ғылыми конференцияда өлкетанушы, Жылыой ауданының Құрметті азаматы Ислам қажы Мырзабекұлының «Әбілхайыр хан және Бопай ханым» кітабының тұсаукесері ұйымдастырылып, баспамыздың өнімі көпшілік назарына ұсынылды.
Жоғарыда кітап өндірісі туралы деректерді қысқаша атап өттік. Мұндай абыройлы да жауапты істі атқару барысындағы біздің маңызды міндетіміз – тұтынушыға сапалы қызмет көрсету.

ҚАРАПАЙЫМ ҚАҒИДАЛАР
Республикалық «Sardar G» баспасының кәсіби біліктілікті шыңдауға арналған 18 сағаттық академиялық курс семинарынан дәріс алып, «Foliant» баспасында болып, әріптестердің іс-тәжірибесімен танысқан мамандарымыздың кітап дайындауда ескерер өз ұстанымдары бар. Атап айтқанда:
1. Сапа;
2. Қолжетімді баға;
3. Кітап мазмұнының көркемдігі;
4. Дизайны;
5. Автордың талап-тілегі.

БАСПАМЕН БАЙЛАНЫСТА БОЛЫҢЫЗ!
Біздің байырғы серіктестеріміз өзара пікірлесіп, баспагерлерге көкейде жүрген сауалдарын жолдап, ұсыныстарын білдіре алады. Осы мақсатта 2020 жылдың қаңтар айында кітап авторларымен еркін форматта кездесу кешін ұйымдастырдық. Бұл басқосуды алдағы уақытта да дәстүрлі шараға айналдыруды жоспарлап отырмыз.
Келешекте «Атырау-Ақпарат» ЖШС баспасынан көп таралыммен (1000 данадан кем емес) шығарылған мазмұнды кітаптардың тұсаукесерін өткізудің мүмкіндіктерін қарастыруды қолға алдық. Ендеше, баспамен байланыста болыңыз!