Атырау қ. Ж.Молдағалиев 29 +77122458660 atyraureklama@mail.ru Дс-Ж: 9:00-18:30

Медиахолдинг ұжымы оқырмандармен кездесті

Бүгін «Атырау- Ақпарат» ЖШС директоры Ы.Егембердиев Индер және Махамбет аудандарында болып, тұрғындармен кездесті.

Алдымен Индер ауданының басшысы М.Қалауи өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңірек мағлұмат берді.

Одан әрі Ысқақ Дүйсенбайұлы қоғамның қозғаушы күші — ақпарат саласының бәсекеге қабілетті болуы бүгінгі күннің басты талабы екендігіне тоқтала келе, медиахолдингтің қолға алып жатқаны істері жөнінде әңгімеледі.