Атырау Атамбаева 7г +77122458660 atyraureklama@mail.ru

«Оларға хайп пен лайк керек». Ы.Егембердиев бейәдеп сайттарды сынға алды

Бүгін «Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің ұйымдастыруымен Исатай және Құрманғазы ауданында мерзімді баспасөзге жазылу, ақпарат саласында заманауи технологияларды қолдану, қазіргі күнгі БАҚ-тың негізгі бағыттары мен алда тұрған міндеттері жөнінде кездесулер өтті.

Оған «Атырау-Ақпарат» ЖШС директоры Ысқақ Егембердиев, облыстық «Атырау», «Прикаспийская коммуна» газеттерінің бас редакторлары Назарбек Қосшиев, Нәсіп Шалабаева, аудандық газеттердің қызметкерлері, округ әкімдері қатысты.

«Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің директоры Ысқақ Дүйсембайұлы бүгінгі күні ақпаратты 8 түрлі сапамен бағалап беру маңызды екенін атап көрсетіп, аз қамтылған отбасылары мен зейнеткерлерге жеңілдік туғызу мақсатымен балама жазылуды қолға алу жөнінде сөз қозғап, алға қарай онлайын жазылуды жолға қойғалы отырғандарынан хабардар етті. «Прикаспийская коммуна» газетінің бас редакторы Нәсіп Хисметоллақызы газеттің тыныс-тіршілігі жайлы тартымды әңгімелеп, аудан жаңалықтарын өздеріне жиі жіберіп тұруды ұсынды.

Исатай ауданындағы оқырмандармен болған кездесуінде медиахолдинг директоры ақпарат саласындағы кейбір түйткілдерге тоқталды. — Сын жазылмай, қоғам түзелмейді. Бірақ, біз мәселеге біржақты қарамауымыз қажет. Ел Президенті Қ.Тоқаев үш нәрсеге мән берді. Олар — Еңбек, білім, әділдік. Біліммен еңбектеніп, әділдікке жүгінсек қана нәтижеге қол жеткізе аламыз. Еңбектену дегеніміз сол – тілшілердің редакция кабинетінде отырмай, жағдайды аяқтай барып көрулері, сезінулері. Сонда ғана біздің әр мақаламыз мәнді болмақ, — деді директор.

Медиахолдинг басшысы тілшілер қаңқу сөздерден аулақ болып, халыққа ресми ақпарат таратулары тиіс деген пікірін де шегелеп айтты. Газет пен сайттың ара-жігін ажыратып, тәптіштеп түсіндірген Ы.Егембердиев біреудің тағдырынан хайп іздейтін сайттарды өткір сынға алды.

— Оларға хайп пен лайк керек. Жеке адамдардың тағдырын талқыға салып, сол арқылы оқырман мен «лүпіл» жинайтын сайттар бар. Олардың бұл әрекеттеріне әдепсіздік не сауатсыздық деп баға беруге болады. Ал, газетке келсек, біз жазылған жайт арқылы қоғамдық пікір қалыптастырамыз. Түйткілді кеңінен тарқатып, тиісті деңгейде мәселе көтере аламыз. Осы ретте газеттердің жұмысын жандандыру бағытында түрлі жоспарларымыз бар. Солардың бірі ынталандыру бағытында авторларға қаламақы қарастыруды ойластырып жатырмыз, — деді ол.

СЕРІКТЕСТЕР

Медиахолдинг құрамындағы 2 облыстық, 7 аудандық және atpress порталы енеді

Atpress.kz
Atr.kz
Pricom.kz
Ser-per.kz
Naryntany.kz
Den-der.kz
Zh-shugylasy.kz
Ken-zhyloi.kz
Maqat-tynysy.kz
Qyzylqoga.kz

Баға ұсынысы

Сілтемені басу арқылы баға ұсынысымызды көре аласыз

Портфолио

Атырау Ақпарат медиахолдингі дайындаған өнімдер

Мекен жайымыз

Атырау қаласы:

Атамбаева 7г

Телефон: +77122458660

Email: atyraureklama@mail.ru

Жұмыс уақыты:

Дн-Жм: 09:00 - 18:30

Түскі үзіліс: 12:30 - 14:00

Сн-Жк: Демалыс

Бізбен байланыс

12 + 10 = ?