Бүгін Индер аудандық “Дендер” газетінің 90 жылдығына арналған “Дендер дидары” атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік жиында ардагер журналистерге және редакция ұжымына Атырау облысы әкімі Серік Шәпкеновтің атынан мерекелік наградалар мен құттықтау хаттарын облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнұр Сүйеуова табыс етті.
Сондай ақ Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратов баспасөз қызметкерлерін бүгінгі мерейтоймен құттықтап, редакция ұжымына облыс әкімі атынан жаңа көліктің кілтін сыйлады.
Сондай-ақ, “Атырау-Ақпарат” ЖШС бас директоры Нұрболат Елеусінов “Дендер” газетіне 500 000 теңге сертификат табыстады.
Мерейтой жиында газеттің тарихы, өткені мен бүгіні сөз болды. Баспасөз бетіне өзіндік үн қосқан ардагер журналистер мен баспасөз қызметкерлері облыс және аудан әкімінің, сонымен қатар облыстық мәслихат пен “Атырау-Ақпарат” ЖШС тарапынан марапатталды.
Мерейтой соңы концерттік бағдарламаға ұласты.