Бүгін Атырауда “Мұнай-газ, экологиялық бағыттардағы салалық журналистиканың ерекшеліктері” тақырыбында республикалық семинар өтті. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде өткен іс-шара Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Семинарды Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры Саламат Идрисов ашып, аталған оқу орнының базасында болашақ журналистер үшін осындай республикалық тәжірибелік семинардың қолға алуына ризашылық білдірді. Ректор өз сөзінде мұндай іс-шараның болашақ кәсіби мамандарға маңыздылығын атап айтты.
Жиынға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі Қайнар Ахетов қатысып, “Масс-медиа туралы” жаңа заңның негізгі ережелерін түсіндірді.
Бұл семинар салалық журналистиканы дамытуға, кәсіби тәжірибе алмасуға және БАҚ-тың қоғамдағы рөлін күшейтуге бағытталған маңызды іс-шара. Мұндай бастамалар отандық журналистиканың сапасын арттыруға мүмкіндік береді.