Ғабдол Сланов атындағы облыстық кітапханада Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қарымды қаламгер, белгілі өлкетанушы Төлеген Жаңабаев ағамыздың 80 жас мерейтойы аясында бес томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті.
Кітаптың тұсаукесер рәсімінен кейін ақын, ғалым, Атырау облысының Құрметті азаматы Қадыр Жүсіп, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Атырау облысы бойынша өкілі Әлия Дәулетбаева, ардагер-журналист Төлеген Берішбаев, ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Бақтыбек Таубаев және басқалар Төлеген ағамыздың шығармашылығы хақында кеңінен толғады. Бұл жинақтарға автордың өлеңдері, замандастары туралы естеліктері, очерктері, прозалық туындылары, памфлеттері, зерттеу еңбектері топтастырылған.
Аталған бес томдық кітаптың біздің "Атырау-Ақпарат" медиахолдингінің баспасынан жарық көрді.
Ардагер ағамызды әрі ұстазымызды ұзақ жылғы шығармашылық еңбегінің жемісін көруімен шын жүректен құттықтаймыз.