Атырау Жубана Молдагалиева, 29/1 +77122458660 Электрондық пошта мекенжайы спам-боттардан қорғалған. Мекенжайды көру үшін браузерде Javascript қосулы болуы тиіс.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланды

09 қараша 2026 жылы «Атырау-Ақпарат» ЖШС- нің ғимаратында  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы - Нұрлан Тәңірбердіұлы Еркебаев  пен осы департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Августина Муратқызы Муратова, «Атырау-Ақпарат» ЖШС-нің және «Азаматтық орталық» КММ-нің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу тетіктері, комплаенс-қызметтердің қызметін ұйымдастырудағы жаңашылдықтар түсіндірілді.
Сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, олардың алдын алу, қызметтік әдеп талаптарын сақтау және ашықтықты қамтамасыз ету мәселелері қозғалды.


Бұдан бөлек, «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы мен «Адал азамат» қағидатын ілгерілету, қоғамда заңға құрмет, адалдық, жауапкершілік және парасаттылық құндылықтарын орнықтыру бағыттары талқыланды.
Кездесуде бұқаралық ақпарат құралдарының құқықтық сауаттылықты арттырудағы, қоғамды өзекті заңнамалық өзгерістерден хабардар етудегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылды.
Жиын соңында қатысушылар пікір алмасып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын одан әрі жандандырудың маңыздылығын атап өтті.

Баға ұсынысы

Сілтемені басу арқылы баға ұсынысымызды көре аласыз

Мекен жайымыз

Атырау қаласы:

Жубана Молдагалиева, 29/1 

Телефон: +77122458660

Email: atyraureklama@mail.ru

Жұмыс уақыты:

Дн-Жм: 09:00 - 18:30

Түскі үзіліс: 12:30 - 14:00

Сн-Жк: Демалыс

 

Бізбен байланыс

34 + 17 = ?