Атырау Жубана Молдагалиева, 29/1 +77122458660 Электрондық пошта мекенжайы спам-боттардан қорғалған. Мекенжайды көру үшін браузерде Javascript қосулы болуы тиіс.

Заңдылықты бұзу фактілері немесе ықтимал бұзушылықтар туралы хабардар ету нұсқаулығы

«БЕКІТЕМІН»
 «Атырау-Ақпарат» ЖШС-нің
 Бас директоры
    _________________Н.Елеусінов
 «__»_______________2026 жыл

Заңдылықты бұзу фактілері немесе ықтимал бұзушылықтар туралы хабардар ету нұсқаулығы


1. Заңдылықты бұзу фактілері немесе ықтимал бұзушылықтар туралы хабардар ету нұсқаулығы (әрі қарай – Нұсқаулық)  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңына, «Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 112 бұйрығына негізделеді.
2. Бұл нұсқаулық ұйым қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілері немесе ықтимал бұзушылықтары туралы хабардар ету тәртібін қарастырады.
3. Қазақстан  Республикасының Қылмыстық Кодексіндегі  Мемлекеттік  қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне  қарсы сыбайлас  жемқорлық  және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар түрлері бар, олар:
- Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану;
   Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктердi асыра пайдалану;
 - Лауазымды адамның өкiлеттiктерiн иемденіп алу
 - Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу;
 - Заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі жасау;
- Пара алу;
- Пара беру;
- Парақорлыққа делдал болу;
- Қызметтiк жалғандық жасау;
- Қызметтегi әрекетсiздiк;
- Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның немесе құқық қорғау органының немесе арнаулы мемлекеттік органның өзге басшысының қызмет бойынша әрекетсіздігі;
- Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің қызмет міндеттерін атқарудан бас тартуы немесе жалтаруы;

- Салғырттық
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіндегі  құқық бұзушылықтар, олар:
-  Жеке тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңілдіктер беруі не көрсетілетін қызметтерді ұсынуы;
- Заңсыз материалдық сыйақыны, сыйлықтарды, жеңілдіктерді не көрсетілетін қызметтерді алу;
- Заңды тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы беруі;
-  Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының заңсыз кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруы және заңсыз кiрiстер алуы; 
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамау немесе уақтылы қабылдамау;
- Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау. 
4. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлау. 
Дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратқа ие жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адам, лауазымды адам бұл туралы жоғары тұрған басшыны және (немесе) өзі жұмыскері болып саналатын мемлекеттік органның, ұйымның не квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшылығын және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарды жазбаша түрде дереу хабардар етуге тиіс.
5.  4-тармағында аталған адамның жоғары тұрған басшысы, мемлекеттік органның, ұйымның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшылығы, уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы келіп түскен хабар бойынша шаралар қабылдауға міндетті.
6. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адам Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және осы Заңға сәйкес мемлекеттің қорғауында болады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен көтермеленеді.
Жоғарыда аталған ережелер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпаратты хабарлаған, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болатын адамдарға қолданылмайды.

Көтермелеу бөлігіндегі ережелері:
1) жедел-іздестіру немесе қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органмен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құпия негізде ынтымақтасатын адамға;
2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтауға, оның жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге жәрдем көрсеткен, ол бойынша орындаушы немесе сыбайлас қатысушы болып табылған адамға қолданылмайды.
6-1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесу:
1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі туралы хабарлауды;
2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беруді;
3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, оның жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру үшін маңызы бар (кейіннен болған) өзге де жәрдемдесуді қамтиды. 
7. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлау немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беру немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, оның жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру үшін маңызы бар (кейіннен болған) өзге де жәрдем көрсету мақсатында адамның өзі жұмыскері болып табылатын (болған) мемлекеттік органның не ұйымның жоғары тұрған басшысына және (немесе) басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінуі туралы ақпарат көрсетілген ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасалған жағдайда құпия ақпарат болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен беріледі.
Көрсетілген ақпаратты жария ету Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
8 Нұсқаулықты қолданудың жоғарыда аталған салаларында қамтылған 
мәселелерге қатысты сенімді алаңдаушылығы бар кез келген қызметкерге немесе өзге тұлғаға мұндай алаңдаушылық туралы ақылға қонымды қысқа мерзімде хабарлау қажет. Бұл жағдайда мұндай алаңдаушылықтың адал, сенімді және жаман ниетсіз көрінуін қамтамасыз ету маңызды. Сонымен қатар, қызметкерден немесе басқа қауымдастырылған адамнан мәселені тергеу күтілмейді. Ұйым қызметкерлердің өз хабарламалары дұрыс қаралатынына және жауап беретініне сенімді болуы үшін бастамашыл ақпараттандыру желісіне сенімділікті арттыру маңызды екенін мойындайды. Осыған байланысты, Ұйым қызметкерлерге және өзге де қауымдастықтарға өз алаңдаушылықтарын білдіруге мүмкіндік береді. 

Мұндай хабарламалар тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн келесі әдістердің бірімен немесе бірнешеуімен жіберілуі мүмкін:
9. Ықтимал сыбайлас жемқорлық бұзушылықтары туралы хабарлау үшін 
мынадай ашық арналар жұмыс істейді:
 1) Комплаенс қызметінің электрондық поштасы және тікелей жазбаша өтініш беру. Комплаенс қызметі байланыс телефоны: 8 702  845 54 28
          Электронды пошта: Электрондық пошта мекенжайы спам-боттардан қорғалған. Мекенжайды көру үшін браузерде Javascript қосулы болуы тиіс.; 
 2) ЖШС-нің ресми интернет-ресурсы;
 3) ЖШС-нің ғимаратында орнатылған сенім жәшігі.
 10. Ақпаратты адал ниетпен хабарлаған тұлғалардың құпиялылығы толық сақталады және оларды қудалауға қатаң тыйым салынады.
11 Осы Нұсқаулыққа сәйкес бұзушылықтар туралы хабарлаған 
қызметкерлер мен өзге де қауымдастырылған адамдар қандай да бір теріс қарым-қатынасқа немесе қандай да бір жолмен жазаға тартылмайды. Жұмысшыларға жұмыс орнын сақтауды қоса алғанда, құқықтар мен мүдделерді толық қорғау беріледі. Сонымен қатар,жосықсыз әрекет ететін немесе жеке пайда алу және/немесе ашық оймен айып тағатын қызметкерлерге тәртіптік шаралар қолданылуы мүмкін. 

Баға ұсынысы

Сілтемені басу арқылы баға ұсынысымызды көре аласыз

Мекен жайымыз

Атырау қаласы:

Жубана Молдагалиева, 29/1 

Телефон: +77122458660

Email: atyraureklama@mail.ru

Жұмыс уақыты:

Дн-Жм: 09:00 - 18:30

Түскі үзіліс: 12:30 - 14:00

Сн-Жк: Демалыс

 

Бізбен байланыс

67 + 99 = ?